Әбу Нуас әл-Хасан ибн Һани әл-Хаками (,VIII ғасыр — 813/815) — Һарун әр-Рашид пен әл-Аминның кезеңінде өмір сүрген даңқты араб ақыны. Әбу Нуастың әкесі мұсылмандардың қолында құл болып, артынан құлдықтан босатылған.Esat Ayyıldız. "Ebû Nuvâs’ın Şarap (Hamriyyât) Şiirleri". Bozok Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Dergisi 18 / 18 (2020): 147-173. Оның әкесі Умәйя әулетінің соңғы халифасы Маруанның қоластында жауынгер болған. Әбу Нуастың шешесі парсылық болып, жүн жуумен ақша тапқан. Әбу Нуас Хузистан ауданындағы Ахваз қаласында дүниеге келген. Түрлі деректерде оның туу жылын 747 жыл мен 762 жыл аралығын көрсетеді. Бала кезін Басра қаласындағы әтір сатушының дүкенінде оған жұпар иісті шөптер жинаумен айналысып өткізген.

Тағы қараңыз Һарун әр-Рашид Араб әдебиеті Аббас әулеті Бағдат

Санат:Араб ақындары Санат:Тұлғалар