thumb Жарқырау, бет нүктесінің жарқырауы — 1) физикада бет элементінен шығатын жарық ағынының осы элементтің ауданына қатынасына тең жарық шамаларының бірі. Жарқыраудың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: лм/м2. Энергетикалық шамалар жүйесіндегі осы тәрізді шама энергетикалық Жарқырау деп аталып, Bт/м2-пен өлшенеді; 2) астрономияда — жұлдыздың бірлік денелік бұрыш ішіндегі шығаратын жарық ағынының шамасы, яғни жұлдыздың жарық күші. "Қазақ Энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:Қазақ ұлттық энциклопедиясы Санат:Физика