Жармұхамед ишан Оразайұлы (1858, бұрынғы Ақмешіт уезі, Сырдария ауданы “Зіңкетер” елді мекені — 1919, Ақмола облысы Есіл ауданы “Дальний” деген жерде) — діни ағартушы. Бұхара медресесінде оқыған. Кейін Есіл бойы қазақтарының арасына келіп, мешіт салдырып, бастауыш мектеп ашқан. Балалары Құлмұхамед пен Абдолла Уфадағы Ғалия медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. Жармұхамед ишан ағасы Ахметишанмен бірге “Қазақ” газетінің жарық көруіне үлес қосқан.
Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Санат:1858 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:1919 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ишандары