Жар — тасқын судың шаюынан пайда болған өзеннің тік биік не құлама жағасы, беткейі.
Жаңа тектоникалық қозғалыстардың, абразиялық (клиф), эрозиялық, тағы басқа процестердің нәтижесінде қалыптасады. Бұл процестер толастағаннан кейін құламалы жағалары гравитациялық қозғалыстар әсерінен бірте-бірте жайпақтала бастайды. Бэр заңына сәйкес Жердің Солтүстік жарты шарында жар көбінесе өзендердің оң жағаларында байқалады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Жер бедері
ar:صخر (توضيح) cv:Чулсăрт eo:Roko vi:Đá (địa chất)