Байғұлы – Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан тау. Абсолюттiк биіктігі 507 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 8 км, ені 4 км доғаша созыла орналасқан.
Жер бедері мен геологиясы Беткейлері жазық, сай-жыралармен тілімденген. Батыс беткейінің баурайында көлдер бар. Байғұлы девондық граниттер мен гранодиориттерден түзілген.
Өсімдігі Қара қоңыр топырағында қау, бетеге, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары