Байжарықкөл – Қостанай облысы Қостанай ауданы Бирюковский қонысының солтүстік-шығысында 8 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 178 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 5,4 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км. Қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.

Санат:Қостанай ауданы көлдері