Ақбиік – Бүйіртас тауылы қыратының орта тұсындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1268 м. Ақбиіктен Тайшек, Саттыбай өзендері бастау алады. Таудың беткейі тік жартасты.

Өсімдігі Баурайының қара және сортаң топырағында көкшұнақ бетеге, боз, селеу, қозықұлақ өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары