Ақдің – Ерейментаудың оңтүстік сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданының солтүстік шетінде. Ең биік жері 901 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 14 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 7 км. Биік тұсы үлкен шоқы тәріздес.

Геологиялық құрылымы Тау протерозой және девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында қау, бетеге мен көде, түрлі шөптер, тауаралық аңғарларда қайың, көктерек ормандары, шілік өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы таулары