Ақбақалы – Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қиыр оңтүстігінде, Қызылқұм құмының солтүстігінде орналасқан құдық. Тереңдігі 29 м, су шығымы 2000 л/сағ. Тізбекті төбешік құмдарда сексеуіл шоғырлары мен жусан өседі. Жануарлардан қоян, сарышұнақ, ақ бөкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы құдықтары