Ақбас – Есіл алабындағы тұщы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Сырымбет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 220,4 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Ауданы 11,08 км2, ұзындығы 6 км, ені 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 19,0 км, су жиналатын алабы 110 км2.

Жағалау сипаты Көлдің жағасы жайпақ, түбі лайлы. Жағалау бойының кей жерінде қамыс, құрақ өседі. Су жиналатын алабының 20%-ға жуығы жыртылған. Қар және жер асты суларымен толығады.

Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы