Қараберік – Күршім жотасының оңтүстік-батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылының оңтүстік-батысында 37 км жерде орналасқан. Қара Ертіс өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 691 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында. Беткейі көлбеуленіп, жазыққа ұласады. Солтүстігінде Ақжал, шығысында Үшқара тауларымен, оңтүстігінде Төрткүл төбесі, батысында Зайсан көлімен шектеседі.

Өсімдігі Сортаңды сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында сарсазан, қарабарақ, сексеуіл, т.б. шөптесіндер өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары