Қарабиік – Бауырлыөзек пен Балатүндік өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан солтүстікке қарай 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 476 м.
Геологиялық құрылымы Ордовик жыныстарынан түзілген.
Жер бедері, өсімдігі Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Қызғылт қоңыр топырағында дала мен тау өсімдіктері өседі. Солтүстік беткейлерінде бұта, оңтүстігінде шалғын кездеседі.Қазақ ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары