Қайрақтас – Ақөзек аңғарының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Қарабұлақ ауылының оңтүстік-батысында 23 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 870 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 6 км шамасында созылған, енді жері 1,5 – 2 км-ге жуық. Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі. Бұлаққа бай, таудың оңтүстік-батысында Жаңғызтал қыстауы орналасқан.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары