Қайрақты, Шопанқарасу – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысының Атбасар, Жақсы аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 3890 км².
Бастауы Өзен бастауын Телекей көлінің солтүстік-батысында 10 – 12 км жердегі жазықтағы бұлақтан алып, Балталы ауылына жетпей Терісаққан өзеніне құяды.
Гидрологиясы Басты салалары: Талдысай, Егінқарасу, Шұрымсай, Шортанбай. Аңғары кең, арнасы жалпақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық ағынының негізгі бөлігі көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Су ағымы көктемгі су тасқыны кезінде 9,86 м³/с-тан жазғы саба кезінде 0,025 м³/с-қа дейін азаяды, кейде құрғап қалады. Көктемгі мол суды егінді көлдетіп суғаруға пайдалану үшін орта ағысында бөгет салынған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Атбасар ауданы өзендері Санат:Жақсы ауданы өзендері