Кіндікті – Шідерті өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тұзды тұйық көл. Шідерті кентінің шығысында 17 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 204 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 4,9 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,8 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Жазда жағалауы тартылып, батпаққа айналады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жағалауында қамыс, құрақ өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы