Кірпібас () – қоғалар тұқымдасына немесе өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық су өсімдіктері.

Қазақстанда өзен жағалауында, су басқан шалғында өсетін 4 түрі бар. Әсіресе жабайы кірпібастың (S. sіmplex) айрықша маңызы бар. Биіктігі 10 – 100 см. Сабағы бұтақтанып біткен. Жапырағы қос қатарлы, кезектесіп орналасқан, таспа пішіндес, түбінде қынабы бар. Гүлі дара жынысты, ұсақ, жұмыр гүлі қою, шар пішіндес, оның аталық гүлі жоғары, ал аналығы төмен орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақ. Дәнімен су құстары қоректенеді; олар түлегенде қалың өскен Кірпікбас арасына жасырынады.Қазақстан Энциклопедиясы

Сілтемелер

Сыртқы Сілтемелер Ежеголовник

Санат:Қоғалар