Жаркөл – Сулысор көлінің батысында орналасқан тұзды көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан шығысқа қарай 7 км жерде. Теңіз деңгейінен 228 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 6,3 км2, ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 15,8 км. Суы қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында ери бастайды. Солтүстігінен Ащысу, оңтүстігінен бірнеше салалар келіп құяды. Оңтүстік-шығысында Шақшан (373 м) тауы, оңтүстік-батысында Тұзкөл көлі орналасқан. Суы кермек, аздап сілтілі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы