Жарлы — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Нұркен Әбдіров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 30 км жерде, Жарлы өзенінің екі жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1561 1407 988 70,2 707 507 71,7 700 481 68,7

Тарихы Негізі 1929 жылы қаланды. 1951 жылға дейін Шекеме (ШКМ — школа крестьянской молодежи) ауылы деп аталып келді. 1951 жылы бұрынғы Ақшоқы, Нүркен атындағы, Қызылшілік, Жекежал, Кеңестас, Жаңатоған, Ұзынбұлақ ұжымшарларының бірігуінен Нүркен атындағы ірі ұжымшардың, ал 1963 жылы оның негізінде қайта құрылған Нүркен Әбдіров атындағы кеңшардың орталығына айналды. Ауылға өзен атына байланысты Жарлы атауы берілді. Жарлыда мал шаруашылығымен шұғылданатын Н.Әбдіров атындағы акционерлік қоғам жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп (1999 жылы 70 жылдығы тойланды), клуб, кітапхана, балабақша, сауда орындары бар. Жарлы - Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Н.Әбдіровтің туып-өскен жері, ауылында оған бюст орнатылған."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері