Жаманқайрақты – Есілдің төменгі алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Жақсы және Атбасар аудандары жерінде. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1640 км2.

Бастауы Көкшетау қыратының оңтүстік-батыс етегінен басталып, Алғабас және Қарақоға ауылдары тұсында Есіл өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Арнасы кең, жағалауы жайпақ, орта ағысында жарлы келеді. Шағын жылғалық салалары бар. Жылдық орташа су ағымы 2,4 м3/с. Суымен шабындық және жайылым суландырылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Атбасар ауданы өзендері Санат:Жақсы ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы