Жаман Қаражал – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданының шығыс бөлігінде, Ақсу-Аюлы ауылынан шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері Шерубайнұра мен Керегетас өзен аңғарлары арасында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 1080 м. Жазық беткейлі бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғары бөлімі жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Аласа таулы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, қараған, т.б. бұталар өседі. Жайылымдық ретінде пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары