Жалғантөскей () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тасты, тастақты тау беткейлерінде өсетін 1 түрі – гримм жалғантөскейі (Р. grіmmіі) бар. Биіктігі 50 см, сабағы бұтақты, қырлы, сыртын ұсақ, жылтыр, сары түсті бездер жапқан және сирек түктері болады. Қалың жапырақтары ұзынша, қандауыр тәрізді, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, қызғылт түсті, гүлсидамының ұзындықтары әркелкі, себет гүлшоғырына (онда 4 – 5 гүл болады) топталған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жіңішке, ұзын, ұсақ, жылтыр бездер жапқан. Оның жіңішке ақ немесе қызғылт түсті қылтаңды айдаршасы болады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер