Жалғызтас – Ақшаадыр тауының оңтүстігіндегі оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны, жер бедері Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында. Шығыс Қоңырат кентінің солтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 500 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Геологиялық құрылымы Төрттік кезеңінің шөгінді жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тақыр, сұр қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары