Софья Мироновна Шапиро (15 қыркүйек 1924, Украина, Фастов ауданы Кадлубица селосы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1972), профессор (1982).

Өмірбаяны Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1946, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтында (1946–1966) Гидрогеология және гидрофизика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (1965–1996) қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері 400-ден астам ғылыми жарияланым мен карта, монографиялардың авторы.

Марапаттары Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980). Есімі Қазақстанның «Құрмет» кітабына жазылған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:15 қыркүйекте туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Фастов ауданында туғандар Санат:Геология-минералогия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан геологтары Санат:Гидрогеология және гидрофизика институтының профессорлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның Құрмет кітабына жазылғандар Санат:Геологиялық ғылымдар институты қызметкерлері