Сарапхана (2019 ж. дейін – Шарапхана)Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ауыл, Сарапхана ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қазығұрт ауылынан солтүстікке қарай 12 км-дей жерде, Қазығұрт жотасының оңтүстік-батыс баурайында, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Тарихы 1957 жылдан Карл Маркс атындағы қой ұжымшарының орталығы болып Қаратас ауылы аталып келді. Оның негізінде Шарапханада және округке қарасты Махамбет, Майлыошақ, Жіңішке, Талдыбұлақ ауылдарында шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен38973901 4303 110,3 1978 2225 112,5 1923 2078 108,1

Инфрақұрылымы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауылда «Қаратас оттары» ансамблі, «Бір тоғыс» атты фольклорлық этнографиялық әжелер ансамблі бар."Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы елді мекендері