Смирново — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл, аудан және Смирнов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы — Петропавл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7556 адам (3649 ер адам және 3907 әйел адам) болса, 2009 жылы 5796 адамды (2749 ер адам және 3047 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1921 жылы Петропавловск — Көкшетау темір жолын салуға байланысты қаланған. Смирновода «Смирнов элеваторы» АҚ, темір жолы және автовокзал, тұрмыс қажетін өтейтін цех, асфальт, нан зауыттары, диірмен, аудандық байланыс бөлімшесі, аурухана, 3 орта мектеп, Мәдениет үйі, кітапхана, қарттар мен мүгедектер үйі, тарихи музей және басқа мекемелер бар. Смирново — ірі автомобиль жолдарының торабы.
Дереккөздер
Санат:Аққайың ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері