Созақ — Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл, Созақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен36354630 7968 172,1 2352 4013 170,6 2278 3955 173,6
Тарихы Ежелгі Созақ 1946 жылдың Ә.Х.Марғұлан мен 1947-48 жылдың А.Н.Бернштама бастаған археологиялық қазбалары нәтижесінде, Созақ VI—XIX ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды.
1465-1727 жылдар аралығында Қазақ хандығының елордаларының бірі болған. 1723-1727 жоңғар шапқыншылығында зардап шеккен қалалар қатарына жатады.
Тұрғындар қазақтың көне астанасын XIX ғасырдың басында тастап кетті.
1928-34 жылдар аралығында аудан орталығы болды. 1959 жылы құрылған “Қаракөл” ғылыми-өндірістік бірлестігінің, Созақ кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Созақтың орнында орта ғасырларда Созақ (Хузак) көне қамал-қаласы болған. “Хан Мазары” деген қасиетті жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандардың сүйектері жатыр.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы елді мекендері