Мегалополис ( — үлкен және — қала) —көптеген қалалар мен елді мекендердің қосылуы нәтижесінде пайда болатын ірі қоныстану аймағы.
Қалалық агломерацияға қарағанда мегалополисте қоныстану формасының иерархиялық деңгейі жоғары болады. Мегалополис тек қалалық құрылыстардан ғана тұрмайды. Шамамен аумағының оннан тоғыз бөлігі ғана ашық жерлер болады. Дүние жүзінде қалыптасқан Мегалополистерге Токио — Осока (Жапония), Рейн өзенінің орта және төменгі ағысында (Германия — Нидерланд), Лондон — Ливерпуль (Ұлыбритания), Ұлы көлдер (АҚШ — Канада) және Калифорния (АҚШ) аудандары жатады. Мегалополис Ежелгі Грекияның 35 елді мекенінің тұтасып кетуі нәтижесінде қалыптасқан Мегалополь қаласының атауынан пайда болған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Қала құрылысы