Қушоқы — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы кент.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінің солтүстік-батысында 25 км-дей жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.

Тарихы Іргесі 1951 жылы қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4284 4308 3308 76,8 2109 1584 75,1 2199 1724 78,4

Кәсіпорындары мен инфрақұрылымы Қушоқы кенті жерінде 1 шаруақожалығы құрылған (2006). «Қазақмыс» қорпорациясының 2 өндірістік кәсіпорны қызмет атқарады: «Қушоқы көмір разрезі» және «Нұра жүк тасымалдау басқармасы». Мәдениет үйі, орта мектеп, стадион, медициналық санитарлық бөлім, пошта, байланыс бөлімшесі бар. Кенттің барлық әлеуметтік саласы Көмір кешенінін балансында тұр. Кент 24 км темір жол тармағы арқылы Нұра стансасымен, 82 км жерде Молодежный көмір разрезімен байланысады. Кент арқылы Қ. Сәтбаев атындағы канал өтеді, кенттің солтүстік-шығысында 7 км жерде республикалық Қарағанды—Павлодар автокөлік трассасы өтеді.

Табиғаты Бұқар жырау және Осакаров ауданының шекарасында Қушоқы кентінен солтүстікке қарай 5 км жерде Қушоқы тауы бар.

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері