Қойбағар — Обаған алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Сипаты, өсімдігі Аумағы 96 км2, ұзындығы 17,8 км, ені 9,1 км, жағасының ұзындығы 49 км, ең терең жері 1,6 м, суының мөлшері 20 млн. м3-ге жуық. Жағасы жайпақ. Солтүстік жағалауында қалың қамыс өскен. Көл алабының 70%-ға жуығы егістік, қалған тың бөлігі бозды-бетегелі жусанды жазық.
Гидрологиясы Көлге Шолақ және Қарасу өзендері құяды. Көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суы ащылау. Шортан, алабұға, т.б. балықтар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы