thumb Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.
Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
№ Өсімдіктердің Атаулары Өсімдіктердің ғылыми атауларыТұқымдасы 1Қалқан асаймұса Abelia corymbosa Ұшқаттар тұқымдасы 2 Кәдімгі өрік Armeniaca vulgaris Раушангүлдер тұқымдасы 3 Шолпаншаш сүмбілі Adiantum capillus-veneris Сүмбілдер тұқымдасы 4 Көктем жанаргүлі Adonis vernalis Сарғалдақтар тұқымдасы 5 Линчевский кемпіршөбі Acantholimon linczevskii Кермек тұқымдасы 6 Ірі жапырақты алкор Mediasia macrophylla Күрделігүлділер тұқымдасы 7 Аққаңбақтүсті аллохруза Allochrusa gypsophiloides Қалампырлар тұқымдасы 8 Жұмыр бозтүк Anaphalis racemifera Күрделігүлділер тұқымдасы 9 Корольков шаяноты Arum korolkowii Шаяноттар тұқымдасы 10 Мияжапырақ таспа Astragalus glycyphyllos Бұршақ тұқымдасы 11 Шегіршінжапырақ тасжаңғақ Aflatunia ulmifolia Раушангүлдер тұқымдасы 12 Іле бөріқарақаты Berberis iliensis Бөріқарақат тұқымдасы 13 Ірі гүлді шолпанкебіс Cypripedium macranthon Сүйсіндер тұқымдасы 14 Секпіл шолпанкебіс Cypripedium gauttatum Сүйсіндер тұқымдасы 15 Сары лапыз Colchicum luteum Мелантия тұқымдасы 16 Кессельринг лапызы Colchicum kesselringii Мелантия тұқымдасы 17 Коопман өгейбұтасы Euonymus koopmannii Өгейбұталар тұқымдасы 18 Қызыл қайың Betula kirghisorum Қайыңдар тұқымдасы 19 Талас қайыңы Betula talassica Қайыңдар тұқымдасы 20 Ярмоленко қайыңы Betula jarmolenkoana Қайыңдар тұқымдасы 21 Талас бәрпісі Aconitum talassicum Сарғалдақтар тұқымдасы 22 Қаршыл шүйгіншөп Valeriana chionophila Шүйгіншөптер тұқымдасы 23 Түркістан гүлкекіресі Centaurea turkestanica Күрделігүлділер тұқымдасы 24 Кәдімгі жүзім Vitis vinifera Жүзім тұқымдасы 25 Виталий шөмішгүлі Aquilegia vitalii Сарғалдақтар тұқымдасы 26 Шылым Trapa natans Рогульник тұқымдасы 27 Алтай қасқыржидегі Daphne altaica Тимелеялар тұқымдасы 28 Алтай торсылдағы Gymnospermium altaicum Бөріқарақат тұқымдасы 29 Қабықты жалынгүл Coronaria coriacea Қалампырлар тұқымдасы 30 Попов қазжуасы Gagea neo-popovii Лалагүлдер тұқымдасы 31 Альпі дифазиструмы Diphasiastrum alpinum Шоқпарбастар тұқымдасы 32 Қар дәуаяғы Macropodium nivale Айқышгүлдер тұқымдасы 33 Батпақ жылантамыры Epipactis palustris Сүйсіндер тұқымдасы 34 Кәдімгі емен Quercus robur Шамшатыр тұқымдасы 35 Сарғылт сарыбасшөп Erysimum croceum Айқышгүлділер тұқымдасы 36 Іле үшқаты Lonicera iliensis Ұшқаттар тұқымдасы 37 Қаратау ұшқаты Lonicera karataviensis Ұшқаттар тұқымдасы 38 Қаратау жыланбасы Dracocephalum karataviense Ерінгүлділер тұқымдасы 39 Кауфман ирекжапырағы Ikonnikowia kaufmanniana Кермек тұқымдасы 40 Колпаковский иридодиктиумы Iridodictyum kolpakowskianum Құртқашаштар тұқымдасы 41 Сібір қандығы Erythronium sibircum Лалагүлдер тұқымдасы 42 Крашенников сартүтігі Cancriniella kraschennikovii Күрделігүлділер тұқымдасы 43 Кавказ таутағаны Celtis caucasica Таутағандар тұқымдасы 44 Альберт құртқашашы Iris alberti Құртқашаштар тұқымдасы 45 Бұғы мүгі немесе Ягель Cladina rangiferina Кладина тұқымдасы 46 Қауырсынды қау Stipa pennata Астық тұқымдасы 47 Сарғыш сарана Hemerocallis lilo-asphodelus Лалагүлдер тұқымдасы 48 Ақ тұңғиық Nymphaea alba Тұңғиықтар тұқымдасы 49 Іріжапырақ көбенқұйрық Cousinia grandifolia Күрделігүлділер тұқымдасы 50 Мыңжылқы көбенқұйрығы Cousina mindschelkensis Күрделігүлділер тұқымдасы 51 Мүшкетов түйесіңірі Atraphaxis muschketowii Тарандар тұқымдасы 51 Мамыр қыңжыгүлі Convallaria majalis Лалагүлдер тұқымдасы 52 Тамаша ассүттіген Prenanthes mira Күрделігүлділер тұқымдасы 53 Қаратау сетені Lepidolopha karatavica Күрделігүлділер тұқымдасы 54 Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ Corylus avellana Қайыңдар тұқымдасы 55 Северцов жалғаншөлмасағы Pseuderemostachys sewerzowii Ерінгүлдер тұқымдасы 56 Бұйра лалагүл Lilium martagon Лалагүлдер тұқымдасы 57 Қаратау жалған бозкілемі Pseudosedum karatavicum Жасаңшөптер тұқымдасы 58 Жаңғақты лотос nelumbo nucifera Лотос тұқымдасы 59 Афлатун жуасы Allium aflatunens Жуа тұқымдасы 60 Түпті жуа Allium caespitosum Жуа тұқымдасы 61 Ұсақторлы жуа Allium microdictyon Жуа тұқымдасы 62 Тамырлы жуа Allium polyrhizum Жуа тұқымдасы 63 Піскем жуасы Allium pskemense Жуа тұқымдасы 64 Суворов жуасы Allium suworowii Жуа тұқымдасы 65 Ақсары жоңышқа Medicago ochroleuca Бұршақ тұқымдасы 66 Мақсыр маралтамыры Rhaponticum carthamoides Күрделігүлділер тұқымдасы 67 Аласа дестегүл Merendera robusta Мелантия тұқымдасы 68 Попов дембеті Mertensia popovii Айлауықтар тұқымдасы 69 Ледебур бадамы Amygdalus lebedouriana Раушангүлдер тұқымдасы 70 Зеравшан аршасы Juniperus seravschanica Сауырағаш тұқымдасы 71 Ярослав сүттігені Euphorbia yaroslavii Сүттіген тұқымдасы 72 Зайсан лақсасы Echinops saissanicus Күрделігүлділер тұқымдасы 73 Қоқан салпысы Morina kokanica Салпыстар тұқымдасы 74 Кәдімгі жұмсақжеміс Malacocarpus crithmifolius Адыраспан тұқымдасы 75 Ірі кекіребас Jurinea robusta Күрделігүлділер тұқымдасы 76 Жапырақсыз орашық Epipogium aphyllum Сүйсіндер тұқымдасы 77 Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адыраспан Niedzwedzkia semiretschenskia Бигнония тұқымдасы 78 Жабысқақ қандыағаш Alnus glutinosa Қайыңдар тұқымдасы 79 Көрікті ойраш Ostrowskia magnifica Қоңыраугүл тұқымдасы 80 Алматы кекіресі Oxytropis almaatensis Бұршақ тұқымдасы 81 Талас кекіресі Oxytropis talassica Бұршақ тұқымдасы 82 Фукс бармақтамыры Dactylorhiza fuchsii Сүйсіндер тұқымдасы 83 Минквиц наурызшешегі Primula minkwiziae Наурызшешек тұқымдасы 84 Фальконер бауыршөбі Hepatica falconeri Сарғалдақтар тұқымдасы 85 Сәлдегүл таушымылдығы Paeonia hybrida Таушымылдықтар тұқымдасы 86 Кәдімгі таушымылдық Paeonia anomala Таушымылдықтар тұқымдасы 87 Келлер кестежусаны Pyrethrum kellerii Күрделігүлділер тұқымдасы 88 Таңдамалы шоқпарбас Huperzia selago Шоқпарбастар тұқымдасы 89 Дәрмене Artemisia cina Күрделігүлділер тұқымдасы 90 Сарғылт құндызшөп Pulsatilla flavescens Сарғалдақтар тұқымдасы 91 Ашық құндызшөп Pulsatilla patens Сарғалдақтар тұқымдасы 92 Регел тарбақайы Rhaphidophyton regelii Алабұталар тұқымдасы 93 Алтай рауғашы Rheum altaicum Тарандар тұқымдасы 94 Виттрок рауғашы Rheum wittrockii Тарандар тұқымдасы 95 Қызғылт семізот Rhodiola rosea Жасаңшөптер тұқымдасы 96 Маймұр немесе Ақшыл секпілгүл Fritillaria pallidiflora Лалагүлдер тұқымдасы 97 Алтай таутобылғысы Sibiraea altaiensis Раушангүлдер тұқымдасы 98 Янчевский қарақаты Ribes janczewskii Қарлығандар тұқымдасы 99 Қатпарлы шұбаршөп Saussurea involucrata Күрделігүлділер тұқымдасы 100 Шренк тобылғытүсі Spiraeanthus schrenkianus Раушангүлдер тұқымдасы 101 Пятаева сертебесі tanacetopsis pjataevae Күрделігүлділер тұқымдасы 102 Берікқара терегі Populus berkarensis Талдар тұқымдасы 103 Тораңғы Populus pruinosa Талдар тұқымдасы 104 Альберт қызғалдағы Tulipa alberti Лалагүлдер тұқымдасы 105 Жауқазын немесе Бәйшешек Tulipa biebersteiniana Лалагүлдер тұқымдасы 106 Борщов қызғалдағы Tulipa borszczowii Лалагүлдер тұқымдасы 107 Грейг қызғалдағы Tulipa greigii Лалагүлдер тұқымдасы 108 Зинайда қызғалдағы Tulipa zenaidae Лалагүлдер тұқымдасы 109 Кауфман қызғалдағы Tulipa kaufmanniana Лалагүлдер тұқымдасы 110 Колпаковский қызғалдағы Tulipa kolpakowskiana Лалагүлдер тұқымдасы 111 Қысқа аталық қызғалдағы Tulipa brachystemon Лалагүлдер тұқымдасы 112 Леман қызғалдағы Tulipa lehmanniana Лалагүлдер тұқымдасы 113 Дарагүлдер қызғалдағы Tulipa uniflora Лалагүлдер тұқымдасы 114 Островский қызғалдағы Tulipa ostrowskiana Лалагүлдер тұқымдасы 115 Кеш қызғалдақ Tulipa tarda Лалагүлдер тұқымдасы 116 Жатаған қызғалдақ Tulipa patens Лалагүлдер тұқымдасы 117 Алакүлте қызғалдағы Tulipa heteropetala Лалагүлдер тұқымдасы 118 Регель қызғалдағы Tulipa regelii Лалагүлдер тұқымдасы 119 Күмәнді қызғалдағы Tulipa dubia Лалагүлдер тұқымдасы 120 Шымған қызғалдағы Tulipa tschimganica Лалагүлдер тұқымдасы 121 Шренк қызғалдағы Tulipa schrenkii Лалагүлдер тұқымдасы 122 Северцов қарақабағы Ungernia sewerzowii Амариллистер тұқымдасы 123 Кәдімгі пыста Pistacia vera Сумахтар тұқымдасы 124 Ақжолақ сасыр Ferula leucographa Шатыршагүлділер тұқымдасы 125 Семенов айдаршөбі Corydalis semenovii Көгілдір тұқымдасы 126 Жауқазын немесе Алатау бәйшешегі Crocus alataevixus Құртқашаштар тұқымдасы 127 Корольков бәйшешегі Crocus korolkowii Құртқашаштар тұқымдасы 128 Түбірлі томағашөп Scutellaria subcaespitosa Ерінгүлдер тұқымдасы 129 Тауқалуен Schmalhausenia nidulans Күрделігүлділер тұқымдасы 130 Культиасов батаны Schrenkia kultiassovii Шатыршагүлділер тұқымдасы 131 Иткүшала Eminium lehmannii Аройниктер тұқымдасы 132 Илария шырышы Eremurus hilariae Асфодел тұқымдасы 133 Алматы шиқылдағы Juno almaatensis Құртқашаштар тұқымдасы 134 Көкшіл шиқылдақ Juno coerulea Құртқашаштар тұқымдасы 135 Кушакевич шиқылдағы Juno kuschakewiczii Құртқашаштар тұқымдасы 136 Сүйсін шиқылдағы Juno orchioides Құртқашаштар тұқымдасы 137 Недзвеция алмасы Malus niedzwetzkyana Раушангүлдер тұқымдасы 138 Сиверс алмасы Malus sieversii Раушангүлдер тұқымдасы 139 Соғды шағаны Fraxinus sogdiana шаған тұқымдасы
Дереккөздер ISBN 9965-24-750-1 ↑Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
Тағы қараңыз Қызыл кітап
* Санат:Қазақстан бойынша тізімдер