Балаларға арналған Түркия басылымдары – балаларға арналған түрік тілінде жарық көретін басылымдар. Балалардың ойлау жүйесін жақсарту, оқуға ынталандырып, білімін ұштау, жақсы әдеттерге машықтандыру мақсатымен түрлі жастағы балалардың психологиялық дамуы мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген түрлі танымдық-ақпараттық мақалалар жариялайтын басылымдарда адамгершілік, әдептілік қағидаттары басты орынға қойылған. 250px|thumb|right|
Түркиядағы балаларға арналған басылымдар 19-ғасырдан бастау алады. Оның да дүниедегі кез келген құбылыс секілді өзінің пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері бар.
Тарихы
Жалпы Түркиядағы балаларға арналған кітаптар мен басылымдардың пайда болуы Осман империясы дәуіріндегі Танзимат кезеңіне сәйкес келедіGulistan ALAGOZ. Mumeyyiz’den Mico’ya cocuk dergileri,İletim Gazetesi - Nisan 2005 ("Cocuk ve Iletisim" Ozel Sayisi (Sayi 91)) . Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында балалардың оқуға қабілеттілігі мен өзіндік ерекшеліктері назарға алынып,олардың рухани дамуын өрістету мақсатында кітап басу ісі қолға алына бастады.
Қайсері қаласынан шыққан ұстаз, педагог-ғалым Дәрігер Рүштү 1859 жылы түріктердің алғашқы әліппесі «Nuhbet’ül Etfal» кітабын жарыққа шығарды. Бұл кітаптың білім беру саласындағы алар маңызы зор, түрік балаларының білім алып, өсіп өркендеуі үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз болды. Кітапта бөбектерге арналған әліппемен қатар қызықты хикаялар, әңгімелер, ертегілер және суреттер берілген.
Елдегі қаріптің ауысу жағдайына байланысты баспасөз ескі қаріптермен басылған басылымдар мен жаңа қаріппен басылып шыққан басылымдар деп екіге бөлінді. Осман Империясы дәуірінде шыққан басылымдардың жалпы саны 962 болса, оның 317-і ескі қаріппен, 519-ы жаңа қаріппен басылды. Ал 85-і қызметін ескі қаріппен бастап, кейіннен жаңа қаріпке ауысқан басылымдар екен.
Түркияда бұрын әлеуметтік маңызы артта қалған ана мен бала мәселесі 19 ғасырда жүзеге асырылған еуропалану саясатына байланысты біртіндеп бой көтере бастадыhttp://alsahalisahin.blogcu.com/etiket/Yazar. Бұл жағдай осы бағыттағы баспасөздің дамуына түрткі болып, ана мен бала тақырыбына арналған газеттер мен журналдар қоғамдық маңызға ие бола бастадыhttp://turkoloji.cu.edu.tr/YENI%20TURK%20EDEBIYATI/selcuk_cikla_Tanzimattan%20Gunumuze%20Cocuk%20Edebiyati%20ve%20Bazi%20Oneriler.pdf .
Алғашқы басылымдар XIX ғасырда жарық көрген Түркиядағы балалар басылымдарының тізімі:
Mümeyyiz, 1869 Sadakat, 1875 Etfal, 1975 Arkadaş, 1876 Çocuklara Arkadaş, 1882 Vâsita-i Terakki, 1883 Çocuklara Kıraat, 1883 Çocuklara Talim, 1887 Çocuklara Mahsus Gazete, 1896 Çocuklara Rehber, 1897
Дереккөздер
Санат: Түркия Санат: Баспасөз Санат: Балалар басылымдары