Қалдығайты – Жайық алабындағы өзен.

Этимологиясы

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 243 км, су жиналатын алабы 5,8 мың км².

Бастауы Бастауын Шыңғырлау ауданындағы Алмастау тауының оңтүстік-батысынан алып, Төлен ауылының тұсында тұзды көлдерге құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, орта ағысы құмды өңірмен ағады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Батпақкөл, Қалдығайты ауылдары тұсында жайылма құрап, батпақтанады. Қар көп болған жылдары қатты тасиды. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 40 шақты саласы бар. Ірілері: Песчаная, Баянас, Ащысай, т.б. Жайылмасы – шабындық, жайылым. Өзен суында шортан, қарабалық, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлімБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Шыңғырлау ауданы өзендері