Алчевск – Украинадағы Луган облысына бағынышты қала. Украинадағы ең ірі өндіріс орталығы.
Қала аумағы 50 кв.м. Халық саны 113 119 мың адам (2010 жылғы халық санағының қорытындысы). Луган облысында өндірілетін өнімнің 23,9% Алчевск қаласында өндіріледі. Қалада Алчевск металлургиялық комбинаты мен Алчевск кокс химиялық зауыты орналасқан. Қала – атақты орыс кәсіпкері, банкир, меценат, қаланың негізін салушы Алексей Кирилловия Алчевскийдің атымен аталған.
Географиялық орналасуы Қала Луганск облысының батыс шекарасына жақын, М-04 (Е40) тас жолының жанында орналасқан. Алчевск-Стаханов агломерациясының құрамына кіреді.
Қаланың аумағы негізінен ұсақ дала төбелері мен өзен жыралары бар жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 211 метр.
Көршілес елді мекендер: оңтүстігінде Перевальск (іргелес) қалалары, оңтүстік-батысында Артёмовск, батысында және солтүстік-батысында Брянка, солтүстігінде Петровка және Каменка ауылдары, солтүстік-шығыста Лотиково, Карпаты, шығысында Михайловка ауылдары, оңтүстік-шығысындағы Малоконстантиновка ауылы.
Қаланың көрнекті орындары Ленин даңғылы Ленин алаңы Химиктердің мәдениет үйі Металлургтердің мәдениет үйі Победа атындағы мәдениет және демалыс саябағы Лиман тоғаны Храмдар Свято-Николаев кафедрал соборы Свято-Георгиев храмы
Дереккөздер
Санат:Луганск облысы қалалары