Сегед () — Мажарстанның оңтүстігіндегі қала. Халық саны 162 889 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша).

Қала атауының шығуының екі нұсқасы бар: біріншісі – көне мажар «szeg» сөзінен шыққан. Ол «бұрыш, бұрылыс» деген мағына береді. Тиса өзені арнасының бұрылысында орналасқандықтан осылай атаған. Екіншісі нұсқа бойынша – «sziget» сөзінен шыққан, ол «арал» деген мағына береді.

Бұл жерлерді адамдар көне заманнан бері мекендейді. Клавдий Птоломейдің қалдырған мәліметі бойынша римдіктер қаланы – Партискум деп атаған. Ғұндардың басшысы Едігенің сарайы Сегед қаласына жақын жерде орналасқандығы жайында болжам бар.

1879 жылы болған су тасқыны салдарынан қала қирап, 5 723 құрылыстың тек 265 ғана сақталып қалады. Қаланың қалпына келтіре жұмыстарын Франц-Иосиф император бастап, құрылыс жұмыстары бірнеше онжылдыққа созылады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаланың көп бөлігі қиратылған болатын. Шамамен 6 мыңға жуық адам қаза тауып, қаланың біраз ғимараты бұзылды.

Дереккөздер

Санат:Мажарстан қалалары