Клеть, 1) шахта Клеті – шахтадан вагонеткаларды (пайдалы кен немесе бос жыныс толтырылған), адамдарды, жабдықтар мен материалдарды түсіруге және көтеруге арналған құрылғы. Тік және көлбеу шахта оқпандарында қолданылады. Шахта оқпандарында Клеть бағыттаушы тіреулер жәрдемімен, бағыттаушы өткізгіштер бойымен қозғалады және тоқтатқыш, парашюттік, аспалы қондырғылары болады; 2) қақтама өндірісіндегі Клеть – станның қақтама біліктерінің ішпектері қызметін атқаратын 2 құйма ұстыннан құралатын негізгі бөлігі. Дереккөздер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Клеть · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.