«Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы - Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ордабасы кенті, Бадам стансасында орналасқан. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты тарихи және мәдени археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау болып табылады. Ұйымның қызметінің негізгі бағыты ұйым аумағындағы ұлттық мәдени қазынаны анықтау, қорғау, зерделеу, консервациялау, реставрациялау және пайдалану болып табылады. «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы 1134 га аумақты алып жатыр. Қорық-мұражай аумағында тарихи-мәдени маңызы бар 10 ескерткіш орналасқан. Қорық-мұражайдың қорлары мен экспозицияларында барлығы 1376 бірлік бар, оның ішінде негізгі қор – 41 бірлік, көмекші қор – 1335 бірлік.
Санат:Қазақстан қорықтары Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Түркістан облысы