Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 – 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 – 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 – 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Өсімдік туралы Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен,А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Қолданылуы Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Аспаздық анықтама Аққауданды ққырыққабаттан жасалған котлет. Қырыққабатты жуып, тазалайды, бөліп кеседі де, өзегін алып тастап, ұсақтап турайды, сосын табаға салып, үстіне май және аздап су құнды (еттің сорпасын немесе піскен сүт), қақпағын жауып, оқтын-оқтын араластырып, дайын болғанша бұқтырып пісіреді. Дайын болған қырыққабатқа жайлап манный жармасын себе отырып, әбден араластырады, манный жармасы толық піскенше (бөрткенше) баяу жанған отта 10—15 минут қайнатады. Содан кейін сәл ғана суытыл, шикі жұмыртқа, тұз салып араластырады, қамырша илеп, сосын бөліп-бөліп, кептірілген нан ұнтағына аунатады, табадағы қыздырылған майға екі жағын аударыстыра отырып қуырады. Котлетті қаймақ немесе сүт соуcымен қоса береді. Сондай-ақ оған ұсақтан туралып, майға сәл ғана бұқтырылған алма да қосуға болады. 1 кт қырыққабатға: 1 ас қасық сары май немесе маргарин, 0,5 стакан сүт (еттің сорпасы немесе су), 4 ас қасық манный жармасы, 1 жұмыртқа, қуыруға 3 ас қасық сары май қажет.
Қырыққабат туралы тақпақ Оранып
Көп жапыраққа,
Өсіп жатыр
Атырапта
Қырыққабат запеканкасы Қырыққабат запеканкасын котлет жасағандай әдіспен дайындайды. Дайын қоспаны май жағылған, кептірілген нан себілген табаға салады. Қоспаның үстін тегістеп, қаймақ (150 г) жағады, қызыл сарғыш тартқанша духовкада пісіреді.
Қырыққабат шницелі Қырыққабат қауданын (өзегінен тазартып) шала піскенше қайнатады, судан алып, салқындатады жапырақтарын жеке-жеке бөлектен, үстелге қояды. Жапырақтар аздап кепкен соң, оларды жаныштайды, екі-екіден бөліп, арасына қою сүт тұздығын жағады, жапырақтарды сопақша формаға келтіріп, тегістейді, ұнға аунатады, көпіршітілген жұмыртқа жағыл, кептірілген нанға аунатады. Шницельдің екі жағын кезек аударып, әбден піскенше табада пісіреді. Дастарқанға қоярда үстіне қыздырылған сары май құяды, қаймақ немесе қаймақ соусын бөлек береді. 1 кг қырыққабатқа: 3 ас қасық бидай ұйы, 3/4 стакан сүт соусы, 4 ас қасық сары май, 1 жұмыртқа, 3 ас қасық келтірілген нан ұнтағы қажет.
Бұқтырылған қырыққабат Тазартылып, жуылған қырыққабатты ұсақтал турайды да, кастрюльге салып, үстіне ыстық су немесе сорпа құнды, өткір иісін шығару үшін бастапқыда ыдыстың қақпағын жаппай бұқтырады. Бұдан соң май қосып, 30—40 минут кастрюльдің қақпағын жауып қояды. Туралған пиязды сәл ғана қуырып, оған сірке суын, томат, тұз, қант және дәмдеуіш қосады, бұларды қырыққабатқа салып, тағы да 5—10 минут бұқтырады. Қырыққабат дайын болған кезде оған майға қуырылған ұн қосып, әбден араластырып, қайнатады. Томат пюренің орнына жаңа піскен Қызанақ қосуға болады. Тұздалған қырыққабатты да осы әдіспен бұқтырады, бірақ оған сірке суын қосудың қажеті жоқ. 1 кг қырыққабатға: 2 бас пияз, 2 ас қасық томат-пюре, 1 ас қасық сірке суы, 1 ас қасық құмшекер, 0,5 қасық ұн, 1—2 лавр жапырағы, 2—3 түйір қалампыр, бірнеше түйір қара бұрыш, тұз, 1 стакан су немесе сорпа, 3 ас қасық май (мал майы) керек.
Қызылқауданды қырыққабат Жапырақтары күлгін қызыл түсті. Кең таралған сорттары: Каменная головка 447 (еккеннен кейін 135—145 күнде піседі); орталық, солтүстік шығыс аудандарда егуге қолайлы; Гако сортын (155—165 күнде піседі) оңтүстік және қуаңшылық аудандарда егеді. Ал 0°С температурада қызылқауданды қырыққабат бірнеше ай бойы сақталады. Оның құрамында 60 мг % С витамині бар. Құрамында минералды тұздардың болуына қарай бұл қырыққабат аңқауданды қырыққабатқа ұқсас келеді. Жас маринадталған күйінде салатқа бұқтырылған аққауданды қырыққабатты бұқтырғандағыдай (бір жарым сағатқа жуық) күйінде сосиска мен етке гарнир есебінде пайдаланылады.
Қызылқауданды қырыққабат салаты Қырыққабатты ұсақтап турайды, 1—2 минут қайнаған суға салып, ағаш қасықпен араластырады, содан кейін іле-шала кепсермен сүзіп алады. Қырыққабатты әбден сорғытып, эмаль немесе қыш ыдыстарға салып, лимон қышқылын не сірке суын (бұдан қырыққабат әдемі қызыл түске енеді) қосады, татымына қарай құмшекер, тұз, өсімдік майын қосады. Дайын қырыққабатқа тілімдеп кесілген алма (Антоновканы қосқан дұрыс) қосуға болады. 1 кг қызылқауданды қырыққабатқа: 1 ас қасық өсімдік майы; татымына қарай тұз, құмшекер, лимон қышқылы немесе сірке суы қажет.
Брюссель қырыққабатсы Брюссель қырыққабаты — негізгі сабақтағы жапырақтардың қуысындағы ұсақ қаудандар (диаметрі 5 см-ге жуық). Оның Геркулес деп аталатын сорты кең тараған. Қазан айында жинайды, сабақты қауданымен бірге, жапырағынан тазартып, 0°С температурада қыс ортасына дейін сақтауға болады. Брюссель қырыққабатында қырыққабаттың басқа түрлеріне қарағанда тез сіңетін белок пен С витамині (120 мг %), каротин басым. Қаудандарын тұтас күйінде пайдаланады, оларды сабағынан кесіп алып, жапырағынан тазартады, әбден жуады (ішінде құм қалып қоймау үшін) да, пайдаланғанға дейін суық суда ұстайды. Пісірілген күйінде майға қосып та, сорпа дайындауға да пайдаланылады.
Суға пісірілген брюссель қырыққабаты Қаудандарын жуып, қайнаған тұзды суда (10 минут) пісіреді, суын сорғытып, табадағы майға аздап қуырады да тұздай, бұрыштайды. Дастарқанға қояр алдында кептірілген нан ұнтағын сеуіп, сары май араластырады. 1 кг қырыққабатқа: 4 ас қасық сары май, 2 ас қасық келтірілген нан ұнтағы керек.
Савой қырыққабаты Бұл қырыққабаттың жапырақтары қатпарлы, түсі сарғыш жасыл, аққауданды қырыққабатқа қарағанда бір тегіс доғалдау формала, жұмсақтау келеді. Ерте пісетін сорттарын (Юбилейная 2170, Венская ранняя 1341) шілденің аяғында, ал кеш пісетін сорттарын (Вертю 1340) қазанда жинайды (0°С температурада ақпанға дейін сақтауға болады). Құрамында 31— 59 мг % С витамині бар. Пісірілген күйінде сорпа дайындауға (гарнирге, бәлішке салуға) пайдаланады, тұздауға жарамсыз.
Суға пісірілген савой қырыққабатқсы Ас дайындар алдында қырыққабатты әбден жуады да, беті ашық ыдыста 15—20 минуттай пісіреді (ұзақ пісірсе, қырыққабаттың түсі өзгеріп, жағымсыз дәм пайда болады). Піскен қырыққабатты 4-ке бөліп, ерітілген майға былғайды, кептірілген нан ұнтағын сеуіп, дастарқанға қояды. 1 кг қырыққабатқа: 4 ас қасық сары май, 2 ас қасық кептірілген нан ұнтағы қажет.
Түсті қырыққабат Бұл қырыққабаттың басы жапырақпен көмкерілген, ірі, қысқа бұтақ тәрізді сабақта орналасқан ұрықты гүлдерден (500-ден 2000 түйірге дейін) тұрады. Асқа тек жапырақсыз басы ғана пайдаланылады. Ерте пісетін сорттары — Гарантия, Мовир —74, Ранняя грибовская 1355; жаз ортасында пісетін сорттары — Отечественная, кеш пісетін сорттары — Адлерская зимняя 679, Адлерская весенняя. Түсті қырыққабат — тез бұзылады. Құрамында 70 мг % С витамині, сол сияқты РР1, К1, В1, В2, В3 витаминдері, каротин бар. Түсті қырыққабат организмге жеңіл сіңеді, сондықтан оның балалар тағамының құрамына мол енгізілгені жөн. Түсті қырыққабатты күйіп кеткен күйінде пайдалануға болмайды. Оның басында зиянды жәндіктер көп болады, сондықтан пайдаланбас бұрын қырыққабатты 30—40 минуттай тұзды суға салып қояды (1 л суға 20 г тұз қосады). Түсті қырыққабаттан дәмді сорпа әзірлеуге болады, майға қуырыл, кептірілген нан ұнтағын қосып, өзінше бөлек тағам ретінде немесе басқа тағамдарға гарнир есебінде (мысалы, піскен етке) пайдалануға болады.
Суға пісірілген түсті қырыққабат Жапырағынан арылтып, лас жерлерін тазалан, гүл шоғырынан 1 см төмен өзегін кесіп алыптастайды. Тазалап, жуған қырыққабатты қайнаған тұзды суға салып, 15 — 25 минут қайнатады (көлеміне қарай). Тұтас қырыққабат соғылып, ыдырамас үшін оны ыстық суға кепсерге салып батырған жөн. Өзегіне пышақ оңай батса, қырыққабаттың дайын болғаны. Піскен қырыққабатты ыдысқа салып, үстіне кептірілген нан тұздығын құяды. Суға пісірілген қырыққабатты қуыруға болады. Ол үшін бір бас қырыққабатты алып, егер үлкен болса, бөліктеп кеседі, әр бөлігін ұнға аунатады немесе жұмыртқа жағып келтірілген нан ұнтағына аунатып алады да, сары майға қуырады.
Түсті қырыққабат салаты