Зашаған — Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына қарасты кент.

Географиялық орны Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей қашықтықта, бетеге, боз, еркек шөп, т.б. әр түрлі шөптесін өскен карбонатты қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы 13,7 мың адам (1999); 31,7 мың адам (2012).

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 58356 адамды (28594 ер адам және 29762 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Мұңда 8 ірі кәсіпорын, 7 ЖШС, 3 орта мектеп, 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2 балабақша, медициналық колледж және инженерлік-технология институт бар. Аумақтық орналасуы жағынан Орал қаласының әкімшілігінің қарамағына кіреді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Орал қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері