Жыңғылдыөзек – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданымен ағып өтеді. Ұзындығы 222 км, су жиналатын алабы 4360 км².
Бастауы Шұбартеңіз қонысының батыс жағынан басталып, Шалқартеңіз соры тұсында тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы жайпақ, құмайт. Жыңғылдыөзекке әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 6 сала құяды. Өзен жайылмасы қысқы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы