Жақсы Жалғызтау – өзімен аттас көлдің оңтүстік-батысында орналасқан тау.

Жер бедері Гранитті шың-құздарын орман, бұта шоғырлары көмкерген. Абсолюттік биіктігі 729 м, осы өңірдегі атақты Көкшеден кейінгі екінші биік тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 12 км-ге, шығыстан батысқа қарай 9 км-ге созылып жатыр. Солтүстік беткейлері құлама тік жарлы. Тау етегінде санаторийлер мен саяжайлар орналасқан. Аңыздарға қарағанда, мұнда бір кездері сібір татарлары князьдарының бірі қоныстанған екен. Бір замандарда жоңғарлардың иелігінде болған. Айтушылардың сөзіне қарағанда, мұнда ойрат нояны аю аулаумен шұғылданған. Жақсы Жалғызтауды тарихшылар аз зерттеген және іс жүзінде облыс картасындағы «ақтандақ» болып саналады.

Өсімдігі Алабының табиғаты әсем, орманды-шалғынды. Қара топырағында шабындықтар мен шалғынды өсімдіктер, қайың, қарағай ормандары кездеседі.Қазақ энциклопедиясыСолтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 704 б. ISBN 9965-17-340-0

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы таулары