Төлепберген Әбдірәшұлы Әбдірәшев (26 шілде, 1948, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылы - 26 қазан, 2007, Алматы) —дирижер. Қазақстанның халық артисі. (1995).
Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын дирижëрлеу кафедрасы бойынша 1974 жылы Тұрғыт. Османовтың сыныбы бойынша бітірген. П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын 1979 жылы дирижëр Геннадий Рождественский сыныбы бойынша бітірген. 1982 — 83 ж. Вена музыка академиясының (Аустрия) стажері. 1979 — 82 ж. Алматыда Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері 1985 — 87 ж. Қазақ опера және балет театрының бас дирижері болды. 1987 жылдан осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
Гастрольдік сапарлары Ол әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.
Жетістіктері
1977 ж. Германия елінде Батыс Берлинде өткен Герберт фон Караян атындағы Халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты
1983 ж. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:26 шілдеде туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Жаңақорған ауданында туғандар Санат:26 қазанда қайтыс болғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:КСРО дирижерлері Санат:XX ғасыр дирижерлері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:КСРО академиялық музыканттары Санат:Қазақстан академиялық музыканттары Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әртістері