Алмасбек Сейітұлы Әбдірахманов (01.07.1939, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1989).Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Ресей Федерациясындағы Әскери автомобиль училищесін (1960), Тыл және транспорт әскери академиясын (1968) бітірген. 1968 — 77 ж. Орта Азия әскери округінің әскери бөлімдерінде автомобиль-трактор қызметінің бастығы, нұсқаушы, аға офицер, 1977 — 80 ж.

Алматыдағы Әуезов ауданының әск. комиссары, 1980 — 84 ж. Орал облысы әск. комиссары, 1984 — 87 ж. Қазақстан Әск. комиссарының орынбасары, 1987 — 92 ж. респ-лық ДОСААФ төрағасы, 1992 — 94 ж. ІР Қорғаныс мин-лігі Бас штаб бастығының орынбасары — ұйымдастыру-мобилизациялау басқармасының бастығы болды. ҚР Қарулы күштерін қалыптастыруда, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде үлкен еңбек сіңірген. КСРО және ҚР-ның медальдарымен марапатталған. Дереккөздер

Санат:1939 жылы туғандар Санат:Алматы облысы тұлғалары Санат:Әскерилер