Жозе Марио дос Сантос Феликс Моуриньо (, оқылуы Жузэ Моуриньу, 26 қаңтар 1963 жыл, Сетубал) — әйгілі португал футбол жаттықтырушысы. "Ерекше" деген лақап аты бар. Фенербахче клубының жаттықтырушысы.
Мансап
2000-10 жылдар Өз мансабын ойыншы ретінде бастаған Моуринью, әр түрлi жағдайлардың әсерінен өз жұмысын тренер қызметiне ауыстыруға шештi. "Бенфика" футбол жастар командасының бапкерінiң ассистентi ретінде бiрнеше жыл жұмыстарынан кейiн, ол Бобби Робсонның ең жақын көмекшiсі болды. "Барселонадағы" бiрлескен жұмысты бастаудан бұрын, ол Бобби мен бірге "Спортингте" және "Порту" клубында бiрнеше жыл жұмыс iстедi. Робсонның клубтан кетуiнен кейiн, ол Луи ван Галмен бiрге өз жұмысын жалғастырады.I am no longer the Special One, says Jose Mourinho. The Times (3 маусым 2008). Retrieved on 21 наурыз 2010.Jose Mourinho 'best manager in the world', says Pep Guardiola. The Daily Telegraph (28 сәуір 2010). Retrieved on 23 тамыз 2010.
2000 жылы "Бенфика" клубының басты бапкері болып тағайындалады. 3 ай жұмыс істеп, «Лейрияны» баптайды, клуб оның қол астында Португалия чемпионатында бесінші орын алады. 2002 жылы «Порту» клубымен келісімге қол қойып, бірінші жылы Португалия Чемпионатын, Португалия Кубогын және УЕФА Кубогын ұтып алады. Екінші маусымда Моуриньо Португалия Чемпионатын ұтып қана қоймай, Чемпиондар Лигасын да ұтады.
2004 жылы Челси футбол клубының жаттықтырушысы ретінде жұмысын бастайды, толық емес үш жыл ішінде Футболдан Англия Чемпионатын екі рет (бұл атақ лондондықтарға 50 жыл ішінде алғаш болды), Футбол Лигасы Кубогын, Футболдан Англия Кубогын ұтып алады.
Клуб иегері Романом Абрамович екеуі арасындағы наразылық үшін, Моуриньо 2008 жылдың ортасында, Миландық "Интерге" көшеді. Оның баптауы нәтижесінде "Интер" бірінші жылы Италия Чемпионатын, ал келесі жылы дәйекті түрде Италия Чемпионатын, Италия Кубогын және УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып, Италия футбол тарихындағы алғашқы "треблді" жеңеді. Чемпиондар Лигасындағы жеңіс Интер үшін 45 жыл ішіндегі алғашқы жеңіс болып табылады. Моуриньо әр-түрлі клубтармен екі Чемпиондар Кубогын ұтып алған, тарихтағы үшінші бапкер болып атанды. Одан бұрын бұл атақты Эрнст Хаппель және Оттмар Хитцфельд иеленді Harrold, Michael. 2009/10: Inter back on top at last . UEFA.com. Retrieved on 15 September 2010. Көбінесе осы жетістіктері үшін, Моуриньо 2010 жылы өткен жылдың үздік бапкері ретінде ФИФА сыйлығын алды.
Моуриньо кейбір футболшылар мен жаттықтырушылардың ойынша, футбол тарихындағы ең мықты жаттықтырушы болып саналады.«José Mourinho is a ‘phenomenon’», says Arrigo Sacchi. goal.com (2010-10-2). Retrieved on 2 қазан 2010. «Best Coach in the World», says Wesley Sneijder. Soccerlens (11 наурыз 2011). Retrieved on 2011-03-11. «Real Madrid's maestro may be the best coach in any sport» . Sports Illustrated (7 наурыз 2011). Retrieved on 2011-03-07.
Жетістіктері
Бапкер ретінде
Командалық «Порту»
Португалия чемпионы (2): 2002/03, 2003/04 Португалия кубогы: 2002/03 Португалия суперкубогы: 2003 Чемпиондар лигасы: 2003/04 УЕФА кубагы: 2002/03
«Челси»
Англия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2014/15 Англия кубогы: 2006/07 Лига кубогы (3): 2004/05, 2006/07, 2014/15 Англия суперкубогы: 2005
«Интернационале»
Италия чемпионы (2): 2008/09, 2009/10 Италия кубогы: 2009/10 Италия суперкубогы: 2008 Чемпиондар лигасы: 2009/10
«Реал Мадрид»
Испания чемпионы: 2011/12 Испания кубогы: 2010/11 Испания суперкубогы: 2012
«Манчестер Юнайтед»
Лига кубогы: 2016/17 Англия суперкубогы: 2016 УЕФА Еуропа лигасы: 2016/17«Рома»
УЕФА Конференция лигасы: 2021/22 Еуропа лигасының финалисі: 2022/23
Жеке
Англия Премьер-лигасының үздік бапкері (3): 2005, 2006, 2015 Англия премьер лигасының үздік бапкері (3): қараша 2004, қаңтар 2005, наурыз 2007 Португалия Премьер-лигасының үздік бапкері (2): 2003, 2004 Италиядағы жыл бапкері (2): 2009, 2010 Испаниядағы жыл бапкері: 2012 Мигель Муньос жүлдесі (2): 2011, 2012 УЕФА жыл бапкері (2): 2003, 2004 ФИФА жыл бапкері: 2010 Шетелдегі үздік португал бапкері (2): 2009, 2010 «La Gazzetta dello Sport» версиясы бойынша жыл адамы: 2010
Дереккөздер
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия футбол жаттықтырушылары Санат:Порту ФК жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Интернационале ФК жаттықтырушылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК жаттықтырушылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК жаттықтырушылары Санат:Бенфика ФК жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК жаттықтырушылары