Тасымова Гүлнәр— 1961 жылы Алматыда туған.Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х. 1983 жылы Қазақ Педагогика институтының көркем-графика факультетін суретші-аварелист мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдан бастап Гүлнәр 40-тан аса аймақтық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, өзінің жеке 6 көрмесін ұйымдастырды. 1995 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының жастар бірлестігінің мүшесі болды. 1998 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына мүше болды. Гүлнәр шығармалары Қазақстан, Австрия, Австралия, Голландия, Германия, Израиль, Түркия, АҚШ елде- рінде жеке жинақтарда сақтаулы. 1997 жылдың қазанында Қазақстан атынан шығармашылық делегация құрамында Германияға барып Берлин және Флато қалаларында өзінің жеке көрмелерін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Республикалық сурет колледжінде қызмет етеді.

Дереккөздер

Санат:Журналистика Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері