Пайдалы қазба қорларын жүйелеу – нақтылы кен орындарындағы пайдалы қазба корларын топтар мен категорияларға жіктеу принципі.

Кен қоры екі топқа бөлінеді: кәделі қор және тастанды қор.

Кәделі қор — өндіріп алуы экономикалық тұрғыдан тиімді, ал тастанды — тиімсіз қор. Алайда, қазіргі сәттегі тастанды кор келешекте кәделі қорға айналуы әбден ықтимал. Өзінің зерттелу дәрежесіне орай, кен қоры төрт категорияға жіктеледі: А, В, С, және С2. Алғашқы үш категорияға жататын кен қоры тау-кен өндірісін жедел жобалау және жасақтау істеріне негіз болып табылатын болса, С2 категориясы кеннің жақын кезеңдегі келешегі іспетті. Кейде кеннің болжамды немесе геологиялық қоры деген жалпылама түсінік те қолданылады Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4.

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Геофизика Санат:География