Сергей Николаевич Арцибашев (14 қыркүйек 1951, пос. Калья, Североуралск ауданы, Свердловск облысы, РКФСР, КСРО — 12 шілде 2015, Мәскеу, Ресей) – театр режиссері, актер.

2005 жылы Ресейдің халық әртісі, 2009 жылы Құрмет орденінің кавалері атанған. Свердловск политехникумын бітіргеннен кейін, 1976 жылы Свердловск театр училищесінің актерлік бөлімін тәмамдайды.

1981 жылы А.В. Луначарский атындағы ГИТИС-тің режиссерлік факультетін бітіреді.

1980-1989 жылдарда Таганкадағы театрда режиссерлік және актерлік қызмет атқарады.

1989-1991 жылдары Мәскеу комедия театрында бас режиссер болады.

2002-2011 жылға дейін Маяковский атындағы театрда көркемдік жетекші-директор болып қызмет атқарады.

Дереккөздер

Санат:Актёрлер Санат: Тұлғалар Санат:ГИТИС түлектері Санат:Обырдан қайтыс болғандар Санат:Ваганка зиратында жерленгендер Санат:14 қыркүйекте туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:12 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2015 жылы қайтыс болғандар