Рубен Захарьевич Мамулян (8 қазан, 1897, Тбилиси, Ресей империясы - 4 желтоқсан, 1987, Лос-Анджелес, АҚШ) — американдық кинорежиссер.«Britannica настольная энциклопедия» Том I. АСТ-Астрель. Мәскеу, 2006 жыл. ISBN 978-5-17-038532-4 (Т.1) (АСТ). ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)

Ресейден шыққан. Актерлік білімін Мәскеу көкермөнер театрынан алып, 1918 жылы Лондонға келеді.

Режиссер ретінде алғаш шағын мюзиклдар қойып танылды. 1932 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, театр кәсіподақ ұйымымен байланыста болды. «Порги» қойылымын қойып (1927), кейінірек «Порги және Бесс» операсының (1935), “Оклахома”, “Карусель” мюзиклдарының режиссеры болды. “Қол шапалақтау” (1929) фильмінің түсіріліміне режиссер ретінде шақырту алды.

Камерамен жұмыс жасауда, жаңашылдығымен көзге түсті. “Қала көшелері” (1931), “Кристина ханшайым” (1933), “Бекки Шарп” (1935), “Көңілді Десперадо” (1936), “Қан және құм” (1941), “Жібек шұлық” (1957) фильмдерінің режиссері. Оның картиналары музыка мен драманы керемет қиюластыруымен ерекше.

Дереккөздер

Санат:АҚШ кинорежиссёрлері