Кинопроекция – кинофильм кадрларындағы кескінді жарық сәулесі арқылы экранға үлкейтіп түсіру әрі белгілі бір жылдамдықпен ауыстыру арқылы қозғалыс әсерін туғызу. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5.
Кинокөрсеткі кезінде кескінмен қатар фонограммаға жазылған дыбыс та жаңғырады. Фильмдегі кескіннің қозғалыс әсерін тудыруы стробоскоп эффектісіне негізделген.
Стробоскоп эффектісі – көздің әртүрлі фазаны белгілейтін жеке кескіндердің 1 сек. ішінде 5 рет алмасуын оның қозғалысы ретінде қабылдайтын қасиеті.
Дереккөздер
Санат: Журналистика