Имельда Стонтон () – британдық театр және киноактриса.
Лондонның ұлттық театрында, «Олдвик» театрында және Шекспир компаниясында жұмыс істеген. Көптеген фильмдерге түскен, «Питердің достары», «Много шума из ничего», «Ғашық Шекспир» картиналарындағы рөлдерімен танымал. Майк Лидің «Вера Дрейк» (2004) фильміндегі басты рөлі үшін BAFTA сыйлығының, Венеция және Нью-Йорк кинофестивалінің лауреаты атанған. «Хәрри Поттер» фильмінде профессор Долорес Амбридждің рөлін сомдаған.
Фильмдері «Смертельный совет» (1993) «Моя ужасная няня» (2005) «Взятие Вудстока» (2009)
Санат:Ұлыбритания актрисалары