«Strand Magazine» — Джордж Ньюнс негізін қалаған көркем әдебиетке арналған ай сайынғы суретті журнал. Ұлыбританияда 1891 жылдың қаңтарынан 1950 жылдың наурызына дейін шығарылды. 59 жыл ішінде барлығы 711 шығарылым жарық көрді.Ashley, Mike. The Age of the Storytellers, The British Library and Oak Knoll Press, p. 196. 2006. Журналда Артур Конан Дойл, Агата Кристи, П. Г. Вудхауз, Герберт Уэллс, Жорж Сименон және басқа да детектив, шытырман оқиғалы және фантастика жанрларының классиктері өз шығармаларын басып шығарды.

Журнал басынан бастап үлкен танымалдыққа ие болды, алғашқы шығарылымдары 300 000 данаға дейінгі тиражбен басылса, 1930 жылдарға қарай ай сайынғы тиражы 500 000 данаға жетті.

Дереккөздер

Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1891 жылы негізі қаланған журналдар Санат:Ұлыбритания журналдары